Елордадан 25 мың текше метр қар шығарылды

269

Түнгі ауысымда 200-ге жуық жол жұмысшысы қала көшелерін қардан тазартты.

Елордадан 25 мың текше метр қар шығарылды Фото: Астана қаласының әкімдігі

 

Астанадан бір күнде 25 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің дерегінше, түнгі ауысымда қала көшелерін қардан тазартуға 200-ге жуық жол жұмысшысы шықты.

“22 наурызға қараған түні елорда бойынша қар тазалау жұмысына 200-ге жуық жол жұмысшы мен 600-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. 21 наурыз күні елордадан 25 мың текше метр қар шығарылды, бұл екі мың ауыр жүк көлік рейсінен асады. Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға барлығы 486 мың рейспен 6,5 млн текше метрден астам қар шығарылды”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу