Елордаға есірткі жеткізбек болған қыз бен жігіт ұсталды

214

Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Елордаға есірткі жеткізбек болған қыз бен жігіт ұсталды Фото: polisia.kz

Астанаға есірткінің ірі партиясын жеткізуге әрекет жасаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі таратты деген күдікке 20 жастағы ер адам мен 18 жастағы қыз ілінген.

Елордаға кіреберістегі бекеттердің бірінде полиция қызметкерлері күдіктілер отырған KIA көлігін тоқтатқан. Көлікті тінту кезінде екі вакуумдалған пакет салынған қорап табылды. Пакеттердің ішіндегі ақ түсті ұнтақ тәрізді заттың мефедрон екені сараптама арқылы анықталды. Оның жалпы салмағы 2 келі болған.

Күдіктілер тұрған пәтерді тінту кезінде тағы 1 келіге жуық осындай зат, сондай-ақ оны өлшеп, орауға арналған заттар табылды.

Жалпы салмағы 3 келіден асатын заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткіні жеткізу және тарату арналарының жолын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу