Елордаға ұшып келген тағы 150 адам карантин стационарына жатқызылды

539

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мемлекеттік органдармен бірге коронавирус инфекциясының алдын алу үшін нақты шаралар кешенін жүзеге асыруда. 

Елордаға ұшып келген тағы 150 адам карантин стационарына жатқызылды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына өткен тәулікте 789 адам ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанға 7 ұшақ келіп қонды. Әуе рейстерін Air Astana, Turkish Airlines және Flydubai әуе компаниялары орындады. Экипажды қосқанда жалпы 789 жолаушы ұшып келді. Олардың ішінде 150 адамда ПТР-тест анықтамасы болған жоқ. Осы себепті олар карантин стационарына жеткізілді. Егер аталған адамдарда коронавирус анықталмаса – үйіне қайтады, анықталса – инфекциялық стационарға жатқызылады", – деп хабарлайды Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы.

Айта кетейік, күн сайын елордаға шетелден ұшып келген 100-ден аса жолаушы карантин стационарына жатқызылуда. Күні кеше астанаға 569 адам ұшып келіп, ПТР-тест анықтамасы болмағандықтан оның ішінде 118-і карантинге жатқызылған еді.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мемлекеттік органдармен бірге коронавирус инфекциясының алдын алу үшін нақты шаралар кешенін жүзеге асыруда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу