Елордалық гандболшылар Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

659

Жарысқа барлығы алты гандбол клубы қатысқан. 

Елордалық гандболшылар Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті Фото: astana.gov.kz

"Астана" гандбол клубы екінші жыл қатарынан көшбасшы атанды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Астана" гандбол клубының әйелдер командасы елдегі көшбасшылығын сақтап қалды. Гандболдан Қазақстан чемпионатында елордалық спортшылар екінші жеңісіне қол жеткізді.

Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлағандай, биыл пандемияға байланысты ел чемпионаты бұрын жиналған ұпайлар бойынша аяқталды. 28-ші чемпионаттың он ойынындағы алты команданың нәтижелері есепке алынды.

"Астана" гандбол клубы 20 ұпаймен чемпион атанып, 15 ұпай жинаған Қызылорданың "Қайсар-Қам-ҚМУ" және 13 ұпай жинаған Шымкенттің "Қазығұрт" командаларынан озып шықты.

Жарысқа барлығы алты гандбол клубы қатысты: "Астана" (Нұр-Сұлтан), "Қайсар-Кам-КГУ" (Қызылорда), "Қазығұрт" (Шымкент), "Достық" (Алматы), "Алтай" (Шығыс Қазақстан облысы), "Тұран" (Түркістан облысы).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу