Осыған орай Астана қаласы ТЖД қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтар қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
- балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;
- егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберіске немесе дүкенге кіріңіз;
- үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан материалдар құлап кетуі мүмкін;
- қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың астында, ағаштарда, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;
- қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
- жеке автокөлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.
"Ең бастысы – аяқ киімнің табаны қалың, таймайтын, ал өкшесі төмен болуы қажет.
Қауіпті аймақтарды байқасаңыз, асықпай айналып өтіңіз.
Көктайғақ кезінде ауыр заттарды алып жүрмеген жөн.
Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөміріне хабарласыңыздар", – дейді құтқарушылар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу