Астана құтқарушылары жолда қалған автобус жолаушыларына көмектесті, деп жазады inbusiness.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 қараша күні таңертең Астана қаласы Төтенше жағдай департаментіне "Астана-Көкшетау" тас жолында автобусқа көмек қажеттігі жөнінде хабарлама келіп түскен. Жолаушылар автобусы дизель отынының қатуы салдарынан тоқтап қалған.
"Құтқарушылар азаматтарды эвакуациялау бойынша құтқару жұмыстарын сәтті өткізді. Құтқарылғандардың арасында зардап шеккендер жоқ", -делінген қалалық ТЖД хабарламасында.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу