Елордалық сауда желісі мұқтаж жандарға тегін нан таратуда

877

Елордалық сауда желісі мұқтаж жандарға тегін нан таратуда

Елорда әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған "Астана – мейірімді қала" жалпықалалық қайырымдылық акциясына қала іскерлері де қолдау көрсетуде, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Акцияға алғашқылардың бірі болып қосылған "5 минут" сауда-ритейл желісі қаланың әлеуметтік әлсіз тұрғындары үшін тегін нан тарату бойынша қайырымдылық акциясын қолға алды. Мұқтаж азаматтарға арналған тегін нан дүкен сөрелеріне қойылды. Шара қайырымды жандардың және желі иесінің қаржысына іске асырылуда.

Қазіргі кезде қайырымдылық акция күнделікті негізде супермаркеттер желісінің үш дүкенінде өткізілуде, олардың мекен-жайлары: Жеңіс даңғылы, 55; І. Есенберлин к-сі, 2/1; Ғ. Мұстафин к-сі, 13.

"Астана - мейірімді қала" акциясына ниет білдірген кез келген адам қатыса алады. Акция туралы толық ақпаратты Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан алуға болады, басқарманың мекен-жайы: Иманбаев к-сі, 16, каб. 1.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу