Астана тұрғыны Алматыға жұмыс істеуге келіп, содан бері жақындарымен байланысқа шықпай қойған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Еріктілер таратқан мәліметке сүйенсек, 50 жастағы Қуандық Шаймарданов мамырдың аяғында Астанадан Алматыға жұмысқа кеткен. Ол соңғы рет 4 шілдеде қызына хабарласқан. Содан бері одан ешқандай хабар жоқ.
Жоғалған ер адамның бойы шамамен 165-170 сантиметр, көзі қара қоңыр, шашы қара, дене бітімі – орташа.
Еріктілер Қуандық Шаймардановты көрген немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан дереу хабарласуды сұрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу