Елордалықтар жол ақысын Telegram арқылы төлей алады

624

Байланыс операторы жол ақысын төлеуге мүмкіндік беретін қосымша ашты.   

Елордалықтар жол ақысын  Telegram арқылы төлей алады

Чат-бот Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе және Петропавл қалаларында қолжетімді. Бұл тізімде Алматы жоқ. Осыған қарап,  ұялы байланыс операторы қосымшаны клиенттері көбірек шоғырланған қалаларда өз абоненттерін сақтап қалу үшін құрған деп топшылауға болады. 

"Қазір мессенджерлер коммуникация трендін қалыптастырып тұр. Біз абоненттерімізге қызметтердің ақысын теңгерімнен төлеу үшін ең ыңғайлы және заманауи арналарды ұсынуға тырысамыз. SMS, USSD және "Менің Beeline-ым" қосымшасы арқылы төлейтін әдепкі арналармен бірге телеграм-ботта төлеу мүмкіндігін қостық", - дейді компания өкілі Анастасия Ли.

Мұндағы басты ескеретін дүние, жолжүру ақысы мобильді теңгерімнен ұсталады. Кондукторға көрсететін билет SMS түрінде келеді.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу