Елордалықтардың өтінішін қабылдайтын бірегей портал іске қосылды

980

Қазір портал тек елорда тұрғындарына ғана қолжетімді, алайда болашақта сервисті еліміздің басқа да қалаларында іске қосу жоспарланып отыр.

Елордалықтардың өтінішін қабылдайтын бірегей портал іске қосылды

Қалалық iKOMEK109 мониторинг және жедел әрекет ету орталығы және BTS Digital компаниясы өтініш қабылдайтын жаңа  aitu.city порталын іске қосты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Аitu.city – бұл тіршілікті қамтамасыз ету, абаттандыру және қауіпсіздік, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қызметтері мен жұмысы мәселелері бойынша өтініштерді беруге арналған жаңа интернет-алаң. Егер бұрын өтініштер мен олардың атқарылу дәрежесін тек өтініш берушілердің өздері ғана көре алса, енді әрбір тұрғын cайтта жарияланған  өтініштерді қарап, сонымен қатар олармен әлеуметтік желілерде бөлісе алады. Бұл қала түйткілдеріне көбірек мән беріліп, олардың тиімді шешілуіне ықпал ететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы iKOMEK109 миллионнан астам өтініш қабылдады, ал 2019 жылдың басынан бері өтініштер саны 920 мыңнан асып үлгерді. Барлық өтінімдер 109 нөміріне қоңырау шалу және басқа да байланыс арналары арқылы алынды.

aitu.city қалай жұмыс жасайды:

1-қадам. Өтінішті жіберу – Сіз үлгіні толтырып, суретті тіркейсіз.

2-қадам. Модерация – Өтінім iKOMEK109-дың атқаруына қабылданады және сайтта барлық өтініштердің ортақ тізімінде жарияланады.

3-қадам. Атқарылу дәрежесі – Өтінімнің жай-күйі жөніндегі жаңалықтар e-mail арқылы хабарландырылады, сонымен қатар оны "Менің өтініштерім" бөлімінде көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу