Елорданы газбен қамту 3 кезеңнен тұрады

1334

Бүгінгі таңда "Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру" жобасына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді және "Госэкспертиза" РМК оң қорытындысы алынды. 

Елорданы газбен қамту 3 кезеңнен тұрады

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орыбасары Ермек Қизатов көгілдір отынның астанаға қашан келетіні туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорда әкімі орынбасарының айтуынша, бүгінгі таңда "Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру" жобасына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді және "Госэкспертиза" РМК оң қорытындысы алынды.

Газбен қамту құрылысының I кезеңі 9 іске қосу кешенінен тұрады (құрылыс басталды 2019-2020 жж.): 1-ші іске қосу кешені - АГРС-1-ден ЖЭО-1-ге газ беру (ыстық су қазандықтары мен мазут қазандары); 2-ші іске қосу кешені - АГРС-2-ден ЖЭО-2-ге газ беру (ыстық су қазандықтары); 3-6-шы ұшыру кешендері - Көктал-1, Көктал-2 тұрғын аудандарына газ тарату желілері; 7-ші іске қосу кешені - Железнодорожный тұрғын үй кешеніне газ тарату желілері; 8-ден 9-ға дейін іске қосу кешені - Промышленный кентіне, Юго-Восток тұрғын үй кешеніне газ тарату желілері.

Құрылыстың II кезеңі 4 іске қосу кешенінен тұрады (іске асыру мерзімі 2020-2023 жж.): 1-ден 2-ге дейінгі кешендер - Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар тұрғын аудандарына газ тарату желілері; 3-ші іске қосу кешені - Тельман тұрғын үй кешеніне газ тарату желілері; 4-ші іске қосу кешені - Пригородный, Garden Village, Family Village қалашықтарына газ тарату желілері.

Құрылыстың ІІІ кезеңі 4 іске қосу кешенінен тұрады (іске асыру мерзімі 2020-2023 жж.): 1-ден 2-ге дейінгі кешендер - Ильинка тұрғын үй кешеніне газ тарату желілері; 3-ші іске қосу кешені – Шұбар тұрғын үй кешеніне газ тарату желілері; 4-іске қосу кешені - Өндіріс тұрғын үй кешеніне газ тарату желілері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу