Елорданың ірі жеке секторында үйлерді газға қоса бастады

668

Екі жыл ішінде елордада 645 шақырымнан астам кварталішілік газбен жабдықтау желілері салынды. 

Елорданың ірі жеке секторында үйлерді газға қоса бастады

Нұр-Сұлтанда қаланы газдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Газға Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Агроқалашық бөлігі және Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарының тұрғындары қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz  елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

2021 жылдың қазан айының ортасында Оңтүстік-Шығыс ірі тұрғын алабында үйлер газға қосылды. Бұл жеке сектор түтіннің негізгі көздерінің бірі болып саналады. Осылайша бүгінде келесі аудандар газ берумен қамтамасыз етілді: 1) "Промышленный" т/а (Қошқарбаев даңғылынан оңтүстікке қарай толығымен); 2) Момышұлы даңғылы - Абылайхан даңғылы - Қошқарбаев даңғылы - Қордай көшесі шекарасында; 3) Құдайбердіұлы даңғылы - Бурабай - Абылайхан даңғылы - Мұстафин көшесі; 4) Қобыланды батыр көшесі - Лепсі көшесі - Құдайбердіұлы даңғылы - Бурабай көшесі.

Осы аудандарда тұратын тұрғындар үйді газға қосуға өтінім беру үшін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ға өтінім беруі керек.

Осы күзде Промышленный, Агроқалашық және Оңтүстік-Шығыс (қосылмаған бөліктер) тұрғындары газға қосылу мүмкіндігін алады. Сондай-ақ "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу