Елорданың кей аумақтарына көпқабатты үй салуға тыйым салынды

372

Мұндай шешім қаланың ретсіз және нүктелік құрылысын болдырмау мақсатында қабылданды.  

Елорданың кей аумақтарына көпқабатты үй салуға тыйым салынды Фото: vechastana.kz

Астанада тиісті құжаттары, инженерлік желілері мен әлеуметтік инфрақұрылымы жоқ аумақтарға тұрғын үй кешендерін салу үшін жер учаскелерін беруге 2035 жылға дейін тыйым салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тыйым елорданың шеткі бөлігіндегі бірқатар аумаққа қатысты.

Атап айтқанда:

  1. К-1 айналма жолының Өндіріс тасжолы бойындағы солтүстік бөлігі;
  2. К-1 айналма жолының Алаш тасжолы бойындағы солтүстік-шығыс бөлігі;
  3. Астана – Қарағанды тасжолы бойындағы айналма жолдың шығыс бөлігі.

Бұл аумақтар әзірге кешенді құрылыс жүргізуге толық дайын емес.

Сонымен қатар автожолдардың бөлінген белдеулерінде күрделі құрылыс нысандарын орналастыруға да шектеу қойылды. Тыйым әрекет ететін кезеңде аталған аумақтарды құрылысқа дайындау жоспарланып отыр. Ол үшін қажетті қала құрылысы құжаттары әзірленіп, магистральдық инженерлік желілер тартылады.

Сондай-ақ болашақ тұрғын аудандарында мектептер, балабақшалар және басқа да әлеуметтік нысандардың жобалары әзірленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу