Елорданың терроризмге қарсы күрес штабы маңызды мәлімдеме жасады

105

Астанада жоспарланған терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр.

Елорданың терроризмге қарсы күрес штабы маңызды мәлімдеме жасады Фото: gov.kz

Бұл туралы елорданың терроризмге қарсы күрес штабы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Хабарламада оқу-жаттығу таңғы сағат 7:00-ден 11:00-ге дейін "Барыс Арена" мұз айдынында өтетіні айтылған.

"Көпфункционалды "Барыс Арена" мұз айдынында (Тұран даңғылы, 57) жоспарланған терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді. Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау органдары мен арнайы күштердің лаңкестік оқиғаларға шұғыл ден қою тапсырмаларын орындауға дайындығын тексеру", – деп хабарлады штаб.

Осыған байланысты жаттығу өтіп жатқан аумақта жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

"Біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, тиісті мемлекеттік қызметкерлердің нұсқауын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", – деп атап өтті Астананың терроризмге қарсы күрес штабы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу