Елорданың жеке секторындағы үйлерге газ беріле бастады

568

ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жұмысы ішінара газға ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Елорданың жеке секторындағы үйлерге газ беріле бастады

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов желідегі парақшасында жазды.

"Бүгін газ қазандықтары ресми түрде іске қосылды. Ол үшін бірнеше ай бойы жабдықтарды ауыстыру, қорғау, желдету және газ шаруашылығы жүйелерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Қалған қазандықтарды газға ауыстыру жұмыстары жалғасады. ЖЭО қазандықтарының жұмысын газға ауыстыру қоршаған ортаға көмір шаңы, күкірт сияқты зиянды қалдықтарды айтарлықтай азайтады",– деді қала әкімі.

Әкім 19 әлеуметтік нысанды автономды қазандықтардан газға көшіру бойынша (мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер) жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

"Сонымен бірге елді мекендердергі жеке сектордағы үйлер газға көшіріле бастады", –деп толықтырды әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу