Елшіліктерде Аграрлық сауда миссияларын ұйымдастыру ұсынылды

671

Ол миссиялардың міндеті – отандық тауарларды сол елдің нарығына кедергісіз өткізу.

Елшіліктерде Аграрлық сауда миссияларын ұйымдастыру ұсынылды

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені (АӨК) қауымдастықтары альянсы және "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2022-2027 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасының тұжырымдамасын ұсынды.

АӨК қауымдастықтары альянсының өкілі, "Картоп және көкөніс өсірушілер одағы" қауымдастығының төрағасы Қайрат Бисетаевтің пікірінше, ауылшаруашылық өнімдері мен қайта өңдеу өнімдерінің экспортын қамтамасыз ету үшін шет мемлекеттердегі Қазақстан елшіліктерінде Аграрлық сауда миссияларын ұйымдастыру қажет. 

"Экспорттық саясат жақсы болып, біздің тауарларға нарықтар ашыла түсуі керек. Ауыл шаруашылығы үшін нарықтардың ашылуы – өте маңызды мәселе. Өйткені ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруде динамика бар. Ол тауарларды бір жерге сату керек. Сол себепті біз үшін нарықтары тартымды елдердегі Қазақстан елшіліктерінде Аграрлық сауда миссияларын ұйымдастыру керек. Ол миссиялардың міндеті – қазақстандық тауарларды сол елдің нарығына кедергісіз өткізу. Мәселен, Қытай нарығының әлеуеті аса зор болғанымен, онда кіру өте қиын болып тұр. Алайда ол миссиялардың басшыларын "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісе отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі тағайындауы керек", – деген ұсыныс жасады Қайрат Бисетаев.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу