Елтаңба авторы қайтыс болды

2467

Ақтоты Райымқұлова Шота (Шот-Аман) Уәлихановтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Елтаңба авторы қайтыс болды

Елтаңба авторы Шота (Шот-Аман) Уәлиханов дүниеден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова instagram-да жазды.

"Шот-Аман Уәлихановтың отбасы мен туған-туыстарына! Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан көрнекті сәулетші, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет", "Парасат", "Отан", "Даңқ" орденінің иегері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Тəуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты, ҚР сəулетшілер, дизайнерлер, жазушылар суретшілер одағының мүшесі, бүкіләлемдік Шыңғыс хан академиясының, Шығыс елдері Халықаралық сәулет академиясының, халықаралық сəулет академиясының академигі (Ресей Федерациясы) Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын...Ғибратты азаматтың асыл бейнесі, ерен еңбегі туған-туыс пен қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады. Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, алды пейіш, арты кеніш болсын", - деп жазды министр.

Айта кетейік, Шота (Шот-Аман) Уәлиханов 1932 жылдың 26 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, профессор. Қазақстан Елтаңбасының авторы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу