Елтаңбаны өзгертуге қанша қаржы жұмсалуы мүмкін?

488

Бұл мәселеде нақты осынша сома қажет деп айту ерте. Себебі Елтаңбаны өзгертуге қатысты біржақты шешім әлі қабылданбады. 

Елтаңбаны өзгертуге қанша қаржы жұмсалуы мүмкін? Фото: Informburo.kz

Қаржы министрі Мәди Такиев Елтаңба өзгерісіне қатысты мәселеде пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Президент Ұлттық құрылтайда осы мәселені талқылау туралы ұсыныс айтқан болатын. Мемлекет басшысы бұл мәселеде қоғам тарапынан жалпы қолдау болса, оны әрі қарай талқылау қажет екенін айтты. Егер ықтимал өзгеріс қарастырылатын болса, комиссия құрылады. Осылайша мәселе жіті талданады. Оң шешім болған жағдайда басқа мәселелер де қарастырылады", - деді ведомство басшысы.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстанның Елтаңбасы өзгеруі мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу