Елтаңбаны өзгертуге қарсымын – депутат

439

Халық қалаулысы желіде қызу талқыға түскен сауалнамаға қатысты пікір білдірді. 

Елтаңбаны өзгертуге қарсымын – депутат  Фото: http://kmmt.kz/

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев білім беру ұйымдарында мемлекеттік рәміздерді таныту бағытында жұмыстарды күшейтуді ұсынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

  • Тілшілер халық қалаулысынан "Жаңа адамдар" деген жастардың сауалнамасы желіде қызу талқыланып жатыр. Олар 500 адам қатысқан сауалнама жүргізген. "Соның 70 пайызы Елтаңбаны білмейді екен, демек оны өзгертуіміз керек" деген ұсыныс тастап жатыр. Елтаңбаны өзгерту мәселесіне қалай қарайсыз?" деп сұрады. 

"Бұл сауалнамадан хабардармын. Енді жастарымыздың мемлекетіміздің үлкен бойтұмары – Елтаңбаны танымауы қабырғамызға бататын жағдай. Елтаңбаны өзгерту керек деген мәселені өз басым қосылмаймын. Өйткені бұл әбден сарапталып, айқындалған мемлекетіміздің Елтаңбасы. Сондықтан да оны өзгертудің қажеті жоқ деп есептеймін. Керісінше мемлекеттік рәміздерді жас ұрпақтың санасына сіңіру бағытында, балабақшадан бастап колледжерде, мектептерде, ЖОО-ларда тәрбиелік бағыттағы жүйелі жұмыстар жүргізуіміз керек", - деп жауап берді депутат. 

Аманжол Әлтаев БАҚ-тарда мемлекеттік рәмізтану бағытында танымдық хабарлар болуы қажеттігін баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу