Елжан Біртанов жарылыстан жарақат алғандардың жағдайы туралы айтты

779

Бүгін Таразда көпқабатты үйде жарылыс болып, үш адам қаза тапты, үшеуі ауыр жарақатпен ауруханада жатыр.

Елжан Біртанов жарылыстан жарақат алғандардың жағдайы туралы айтты

Тараз қаласындағы пәтердегі газ жарылысынан зардап шеккен адамдарға қажетті медициналық көмектің барлығы көрсетіліп жатыр. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезі аясында БАҚ өкілдеріне денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Тараздағы оқиғаға байланысты съезд алдында жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшыларымен сөйлестім. Өкінішке орай үш адам сол жерде қаза тапты. Үш адам ауруханада. Олардың бірі – бала, ол бас жарақатын алған, жағдайы ауыр. Арнайы операцияға дайындап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қандай көмек болсын көрсетуге дайынбыз. Екінші науқас та қарқынды ем алып жатыр. Денесінің 50 пайызын күйік шалған. Барлығы медициналық көмек алып жатыр. Бәрі менің жеке бақылауымда", – деді Елжан Біртанов.

Еске сала кетсек, елбасы тапсырмасымен Тараздағы төтенше жағдайды тергеуге қатысты үкіметтік комиссия құрылды.

Сонымен қатар мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасы мен туыстарына көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу