"Емхана алдында танкі тұр". Израиль әскері "Әл-Шифа" ауруханасына жақындады

301

Газаға кірген Израильдің құрлық күштері қаланы қоршауға алды.

"Емхана алдында танкі тұр". Израиль әскері "Әл-Шифа" ауруханасына жақындады Фото: flickr.com/zachievenor

Дүйсенбі күні Израиль әскерлері Газа қаласының бас ауруханасының қақпасына жақындады, онда жанармай тапшылығынан науқастар, соның ішінде жаңа туған нәрестелер өліп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Газаға кірген Израильдің құрлық күштері қаланы қоршауға алды.

Қазан айынан бері жүріп жатқан шайқастар мыңдаған бейбіт тұрғын паналап келген ең үлкен аурухана Әл-Шифа маңына шоғырлана бастады.

Израиль аурухана астында Хамастың жер асты бункері бар және содырлар оның емделушілерін қасақана жасырын түрде пайдаланып жатыр дейді. Хамас бұл айыптауларды жоққа шығарады.

Әл-Шифа ауруханасында болған Газадағы Хамас бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ашраф әл-Кидра қазір аурухана қақпасында Израиль танкілері тұрғанын айтты.

"Емхана қақпасында танкілер тұр. Бүгінгі таңдағы жағдай осындай", - деді Reuters агенттігімен телефон арқылы тілдескен әл-Кидра.

Израиль бейбіт тұрғындарға аурухананы тастап шығуға, ал дәрігерлерге науқастарды эвакуациялауды бұйырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу