Бұл туралы алдын ала ақпарат Қоғамдық кеңестің №5 комиссия отырысында айтылды, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Жиында "Спорттық нысандар дирекциясы" ЖШС бас директоры Есет Байтасов екі танымал әртістің халықаралық гастрольдік тур аясында Алматыда өнер көрсету ықтималдығы бар екенін мәлімдеген.
Алайда қала әкімдігі бұл ақпараттың әзірге нақты келісімдермен бекітілмегенін атап өтті.
– Аталған ақпарат таныстыру сипатында ғана айтылған және іс-шаралардың өтетінін білдірмейді. Қазіргі таңда мәселе пысықталуда. Ресми келісімдер жасалған жоқ, күні мен орны да бекітілмеген. Барлық келіссөздер аяқталғаннан кейін қосымша ресми ақпарат беріледі, – деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Осылайша, әзірге концерттердің нақты өтетін күні мен орны белгісіз. Қала билігі келіссөздер аяқталған соң ғана толық ақпарат жарияланатынын мәлімдеді.