Эммануэль Макрон ресми түрде қызметіне кірісті

675

Эммануэль Макрон ресми түрде қызметіне кірісті

Францияда презденттік сайлауда жеңіске жеткен Эммануэль Макрон ресми түрде қызметіне кірісті, деп хабарлайды 24Хабар.

Бұрынғы президент Франсуа Олландтың Макронға билікті беру рәсімі Елисей сарайында өтті. Алғашқы сөзін "француздар өз таңдауын жасады. Маған артылған жауапкершілік – мен үшін зор мәртебе" деп бастаған Макрон оның маңыздылығын жақсы түсінетінін жеткізді.

Айта кетейік, мамырдың 7-сі күні елде президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтіп, додада 39 жастағы Эммануль Макрон 66% дауыспен жеңіп шықты. Оның қарсыласы "Ұлттық майдан" партиясының өкілі Марин Ле Пен 33% дауыс жинаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу