Емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші болып жүр

678

"Азаматтарға арналған үкіметтің" экс-қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінді. 

Емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші болып жүр

Қостанай облысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ бөлімшелерінің бұрынғы басшылары ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

"Олар азаматтарға ақшалай сыйақы үшін жол қозғалысы ережелерін білуге теориялық емтихан бланкілерін нақты тапсырусыз берген ұйымдасқан топты құруда және басқаруда күдікке ілінді. Ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде жол жүру ережелерін білмейтін жүргізушілер жүргізушілікке жіберілді",– деп жазылған агенттік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу