Ең қауіпсіз әуе компаниясы белгілі болды

954

Ең қауіпсіз әуе компаниясы белгілі болды

Немістің JACDEC  (Jet Airliner Crash Data Evaluation Centre) әуе қауіпсіздігі орталығы  қауіпсіз әуе компанияларының тізімін жариялады.  Аталмыш рейтингіде алғашқы орында  Oneworld  альянсының мүшесі, Гонконгтың Cathay Pacific компаниясы  тұр, деп хабарлады Bild.
Үздік бестікке жаңазеландиялық Air New Zealand, қытайлық Hainan Airlines, катарлық  Qatar Airways және нидерландылық KLM компаниясы еніп отыр, деп жазады lenta.ru.

Үздік ондықты Japan Airlines тәмамдайды.

60-қа тарта компания кіретін тізімнің қазір тек бір бөлігі ғана  жарияланды. Толық тізім  18 қаңтарда пайда болды.

Рейтинг 2016 жылы тіркелген авиациялық оқыс оқиғалардың санына қарап жасалады.

Cathay Pacific  – Гонконг халықаралық әуежайында орын тепкен әуе компаниясы. Ол Skytrax бесжұлдызды рейтингіге ие алты әуе компаниясының бірі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу