Ең кедей өңір анықталды

1817

ҚР Ұлттық экономика министрлінің статистикасы бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2018 жылдың III тоқсанында 4,6% құрады.

Ең кедей өңір анықталды

ҰЭМ-нің үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 2018 жылдың III тоқсанында 4,6% құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңінен 2,7 п.т. төмен (2017 жылғы III тоқсанның деректері 2018 жылдың 1 қаңтарынан енгізілген ең төмен күнкөріс деңгейінің жаңа құрылымы бойынша қайта есептелді).

Осы жылдың III тоқсанында кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (12,6%), Маңғыстау (5,6%) және Ақмола (5,4%-дан) облыстарында байқалады, ал ең төмені - Астанада (1,0%) тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу