"Ең қиыны – баланың ата-ана алдында кетуі": Актер Мұрат Бисенбиннің әкесі

Бүгін Алматы халқы танымал актер Мұрат Бисенбинмен қоштасты.  

"Ең қиыны – баланың ата-ана алдында кетуі": Актер Мұрат Бисенбиннің әкесі Фото: Болат Айтмолда/Tengri Life

Марқұмның әкесі Болат Бисенбин баласы туралы естелігімен бөлісіп, көз жасын тыя алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, ұлы зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстап, спортпен айналысқан.

"Өте ауыр. Қазақта ең қиыны баланың ата-анасынан бұрын өмірден өтуі деп айтады ғой. Олар бізді жерлеуі керек еді, бәрі керісінше болды. Ол шылым шекпеді, ішпеді, спортпен шұғылданды. Өнерде жүріп, киноға түсті", - деді актердің әкесі Болат Бисенбин. 

Мұрат Бисенбин осы уақытқа дейін қатерлі дертпен күресті. Қазақстанның танымал актері 54 жасқа қараған шағында қайтыс болды. 

Айта кету керек, бұған дейін "Рэкетир" фильмінің танымал актері Мұрат Бисенбин қайтыс болғанын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу