2026 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда 166 590 бірлік автокөлік құрыстырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен (123 769) салыстырғанда 34,6% артық болып отыр.
Мысалы, қазан айында елдегі кәсіпорындар 19 795 техника шығарған, бұл 2025 жылғы қазандағыдан 37,5 пайызға көп, бірақ биылғы қыркүйектегіден 3 пайызға аз.
– 10 ай қорытындысында Allur ("СарыарқаАвтоПром") зауыты 64 310 техника шығарды. Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan 47 464 автокөлік, Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны – 29 191, Kia Qazaqstan 15 227 автокөлік құрастырды, – делінген Қазақстан автокөлік одағының мәліметінде.
Мұнан бөлек, 10 айда "СемАЗ" – 2 516 көлік, QazTehna – 2 229, Hyundai Trans Auto – 1 129, "КАМАЗ-Инжиниринг" – 871, Orbis Machinery – 457, Daewoo Bus Kazakhstan – 426, "Уральскагрореммаш" 165 техниканы жасап шығарған.
2026 жылдың 10 айында Қазақстандағы кәсіпорындар:
– 155 266 жеңіл автокөлік (+38,7%);
– 2 158 автобус (+5,3%);
– 5 482 жүк автокөлігі (-11,1%);
– 704 арнаулы техника (+15,4%);
– 2 980 тіркеме мен жартылай тіркеме шығарды.
Модельдер қатарында Chevrolet Cobalt (31 629 көлік), Hyundai Tucson (11 239), Kia Sportage (7 922), Hyundai Mufasa (7 526) және Changan CS35 Max (5 655) алдыңғы орындарда келеді.