"Ең күрделі уақытта біз түн ортасына дейін жұмыс істедік"

860

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пандемияның қауіпті кезеңінде түн ортасына дейін жұмыс істегенін айтады.

"Ең күрделі уақытта біз түн ортасына дейін жұмыс істедік"

"Ең күрделі уақытта біз түн ортасына дейін жұмыс істедік, кейде ұйықтамай таңертеңге дейін де жүрдік. Бір күні таңертең (бұрынғы) Премьер-Министр Асқар Мамин маған қоңырау шалды. Мен оған: "сағат әлі 5.30 ғой" дедім. Сонда ол: "сіз әлі жұмыста емессіз бе?" деді. Міне, осындай режімде өмір сүрдік.

Жұмыста түнедік. Мен ең ауыр кезеңде вирусты жұқтырып алдым. Барлық санитарлық талаптарға сәйкес үйде, кемінде екі апта емделуім керек еді. Бірақ мен жұмысты тастай алмадым. Сондықтан өз кабинетіме қамалып, жұмысты жалғастырдым. Дәл осы қарқынмен шамамен үш ай жұмыс істеуге тура келді – 2020 жылдың маусымынан тамыз айына дейін. Қыркүйек айында материалдық база құрылып, дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету біршама жеңілдеді", – дейді ол "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу