Ең қымбат брендтер: Toyota тағы да алғашқы орында

971

Үздік үштік әдеттегідей ешкімге дес бермеді.  

Ең қымбат брендтер: Toyota тағы да алғашқы орында

Ең қымбат брендтерді анықтайтын Best Global Brands кезекті рет рейтингісін жариялады. Бұл тізімде тағы да Toyota алғашқы орынды иеленді. Мамандар марканы 51.6 млрд долларға бағалаған. Екінші орынға Mercedes-Benz (49.3 млрд доллар) жайғасты, үздік үштікті BMW (39.7 млрд доллар) түйіндеп тұр. 

Бұл таңғалдыратын нәтиже емес. Үздік үштік бұрыннан ешкімге дес бермей келе жатыр. Қызығы, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда биыл үздік 15 марканың бәрі құнын жоғалтқан. Әсіресе, Land Rover (–13 %) мен Ford (–12 %) тым төмен нәтиже көрсетті. Тек Hyundai құны 1 %-ға артты. 

Тізімге алғаш рет енген Tesla-ны сарапшылар 12.8 млрд долларға бағалады. Осылайша америкалық бренд 6-орынға тұрақтады. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу