Ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 13%-ға өскен

1075

Өткен жылы бұр көрсеткіш 34 мың теңге болған.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 13%-ға өскен

Қазақстанда ең төменгі күнкөрістің деңгейі бір жылда 13%-ға өсіп, 38 мың теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Ең жоғары күнкөріс деңгейі 14-17 жас аралығындағы жасөспірім ұлдарға тиесілі, ал бұл жастағы қыздарға күнкөріс деңгейі 30%-ға аз. 

Биыл қаңтарда ең төменгі күнкөріс деңгейі 38,2 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7%-ға артық. 2018 жылмен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 47,4%, 2013 жылмен салыстырғанда 2,2 есе өскен.

2021 жылғы қаңтарда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 12,7%-ға немесе 33,9 мың теңге артқан.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында: 41,9 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 7,8%-ға артық. Кейін тізімде елорда (41,2 мың теңге) және Алматы (39,9 мың теңге) тұр. Үздік бестікке Алматы (39,5 мың теңге) және Ақмола (38,6 мың теңге) облыстары енді.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары және Шымкентте төмен.

Ер адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі барлық жас санатындағы әйелдерден едәуір жоғары.

Ерлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш 14-17 жастағы ұлдарға (48,2 мың теңге), ең төмен көрсеткіш – 6 айлық және 1 жасар сәби ұлдарға тиесілі (25,1 мың теңге). Ең төменгі күнкөріс деңгейі 14-17 жастағы қыздар үшін – 36,9 мың теңге, 6 айлық және 1 жасар сәби қыз үшін – 23,6 мың теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу