Ең төменгі жалақыны 60 мыңға жеткізу үшін заңға түзетулер әзірленіп жатыр

838

Президент биылғы Жолдауында келер жылдан бастап ең төменгі жалақыны 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін арттыруды тапсырған болатын.  

Ең төменгі жалақыны 60 мыңға жеткізу үшін заңға түзетулер әзірленіп жатыр

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, Президенттің тапсырмасын орындау үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бастама 1,6 млн қазақстандықтың табысын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ елдің ЖІӨ-нің 1,5%-ға өсуіне ықпал етеді. Заңнамаға тиісті түзетулер әзірленіп, осы жылдың соңына дейін қабылданатын болады", – дейді Премьер-министрдің орынбасары.

Ералы Тоғжановтың сөзіне сүйенсек, 2022 жылдан бастап 2025 жылға дейін азаматтық қызметшілердің жалақысы жыл сайын 20%-ға өседі. Бұл 600 мың жұмыскерге, оның ішінде бұрын жалақысы көтерілмеген мәдениет, мұрағат ісі ұйымдарының қызметкерлеріне, техникалық персоналға және т.б. қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу