Ең үздік елдер рейтингінде Қазақстан соңғы ондыққа іліккен

1584

Жалпы рейтингте 80 мемлекет бар. Қазақстан 68-орынға орналасқан.

Ең үздік елдер рейтингінде Қазақстан соңғы ондыққа іліккен

Қазақстан жыл сайын жарияланатын үздік елдер рейтингісінде 68-орынға орналасты.

Жалпы рейтингте 80 мемлекет бар. Тізімге ілінген елдер 9 критерий бойынша бағаланған. Туризм индустриясын дамыту, инновация, әлеуметтік қызметтер, мәдениет, экономикалық өсу қарқыны, бизнестің ашықтығы, халықтың жалпы өмір сүру деңгейі, сондай-ақ тарихи мұрасы мен әлем сахнасындағы рөлі бойынша анықталды.

US News & World Report журналының рейтингісі бойынша үздік деп Швейцария танылды. Екінші орында Жапония, одан кейін Канада орналасты. Үздіктер бестігіне Германия енді. Соңғы орындарда: Ангола, Иран, Ирак. Сонымен қатар тізімде Латвия, Украина, Беларусь елдері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу