Желіде "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшылары ұсталды деген ақпарат тарады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Еңбек" РМК басшылығының ұсталғаны туралы ақпарат желіде тарады. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, Ермек Шурманов пен Фуркат Худайбергенов 5 қараша күні жұмыс орындарында ұсталған.
Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі осы ақпарат бойынша түсінік берді.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – делінген редакция сауалына берілген жауапта.