Еңбек күнінде миллиондаған адам шеруге шықты

466

Францияның бірнеше қаласында 1-ші мамыр еңбек күніне орай, миллиондаған халық наразылық шеруіне шықты.

Еңбек күнінде миллиондаған адам шеруге шықты Фото: DW

Олар Эммануэль Макронның өткен айда енгізген зейнетақы реформасына қарсы. Бұл жолы шерушілердің екпіні қатты болды. Олар полицияға қарсы жарылатын бөтелкелер мен фейерверктер лақтырған, велосипедтерді жағып жіберіп, автобус аялдамарын сындырған. Ал тәртіп сақшылары оларға көз жасаурататын газ шашып, су атқан.

Франция ішкі істер министрінің айтуынша, 1 офицер ауыр жарақат алған. Ал Нанте қаласында демонстранттар бірнеше көлікті жағып жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу