Еңбек мигранттары коронавирусқа қарсы екпені тегін алады

920

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде 3 айдан аса уақыт тұрып жатқан еңбек мигранттары мен шетелдік студенттер COVID-19-ға қарсы екпені тегін алатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Еңбек мигранттары коронавирусқа қарсы екпені тегін алады

"Кеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы болды. Онда ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету үшін елімізде 3 айдан аса уақыт тұрып жатқан шетелдік студенттер мен еңбек мигранттарына коронавирусқа қарсы екпе тегін салу туралы шешім қабылданды", - деді министр халыққа есеп беру кездесуінде. 

Сондай-ақ Алексей Цой қазақстандықтар мен елімізде тұруға ықтиярхаты бар азаматтар да екпені тегін алатынын атап өтті.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу