Еңбек министрі тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін тыңдады

288

Зейнетақы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері қаралды.  

Еңбек министрі тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін тыңдады Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Азаматтарды қабылдау орталығында еліміздің әр өңірінен келген тұрғындардың өтініштерін қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қабылдау барысында азаматтар зейнетақымен қамсыздандыру, жұмыспен қамту, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге қатысты мәселелерді көтерді.

Министр тұрғындардың ұсыныстары мен сұрақтарын тыңдап, әрбір мәселе бойынша жан-жақты түсініктеме берді. Қосымша қарауды қажет ететін өтініштерді жеке бақылауына алып, министрліктің жауапты құрылымдық бөлімшелеріне оларды қолданыстағы заңнама аясында шешуге жәрдемдесуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу