Еңбек министрлігі шетелден келетін "разнорабочийлерді" қысқартып, халықты "жұмыспен қамтиды"

1213

Еңбек министрлігі "Халық табысын арттыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі бағдарлама" деп аталатын іс-шара шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының дағдыларын жетілдіру және жастарды кәсіптік бағдарлау бойынша үш негізгі бағытта "жұмыс жүргізеді". 

Еңбек министрлігі шетелден келетін "разнорабочийлерді" қысқартып, халықты "жұмыспен қамтиды"

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкеновтің айтуына қарағанда, бірінші жоспар: платформаларда өз бетінше жұмыс істейтін адамдардың қызметін оңай тіркеуге, қажет мамандарды тез табуға мүмкіндік беретін "платформалық жұмыс" деген электрон сервис әзірленеді. Бұл – әзірге жоспар, министр платформа дайын болғанда "көпшілікке таныстыратынын" айтты.

Сосын үшінші және төртінші санатта шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған 4,7 мың квота қысқартылады. Министрдің айтуынша, бұл – "разнорабочий", қара жұмысшылар. Үшінші, өңірлік жұмыспен қамту карталары "өзектендіріледі" және ақпараттық жүйе тұрақты жаңартылып, мониторингі жүргізіліп тұрады. 

Inbusiness.kz тілшісі "Неге жаңа өндіріс орындары құрылып, халықты көптеп жұмысқа орналастыру жүргізілмейді, пікіріңізді айтыңызшы?", деп сұрады.

"Біздің министрлік жаңа жұмыс орындарын құрумен айналыспайды. Мысалы, Энергетика министрлігі мұнай-химия саласын дамытатынын айтты. Менің міндетім сол секілді жұмыс орындары құрылса, халықты орналастыру", – деп жауап береді министр.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу