Еңбек министрлігі жастар арасында жоғары сұранысқа ие мамандықты атады

188

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 250 мың азамат жұмысқа орналасып, жылдық жоспардың 55%-ы орындалды.  

Еңбек министрлігі жастар арасында жоғары сұранысқа ие мамандықты атады Фото: tutortop.ru

Жұмысқа тұрғандардың 38%-ы жастар болса, әйелдердің үлесі – 53%, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттік жоспарлау құжаттары аясында 4,6 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының "10 мың адамға шаққанда 100 жаңа жұмыс орны" бастамасы аясында – шамамен 63 мың адам, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына – 66 мыңнан астам адам, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары аясында 116 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов айтты.

"Қазір жастар негізінен IT мамандықтарын таңдайды. Бұл жасанды интеллект, инженерлік, технологиялық мамандықтар саласы. Әрине, уақыт талабын ескере отырып және еңбек нарығындағы сұранысқа сай біз бұл мамандықтардың тізімін үнемі жаңартып отырамыз", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу