2026 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сапар барысында бірінші вице-министр өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Сондай-ақ бірқатар маңызды нысандарды аралау жоспарланған.
Кездесуде әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері қаралады.
Ербол Тұяқбаевқа сұрақтар мен ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсы, электрондық үкімет порталы және "e-Өтініш" бірыңғай платформасы арқылы жолдауға болады.