Еңбек нарығының инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріледі

771

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы ұлттық жобаға айналатынын айтты.  

Еңбек нарығының инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріледі

Бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"1 шілдеде "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы ұлттық жобаға ауыстырылады. Бұл орайда құралдар мен міндеттер жаңа әдіснамаға сәйкес өзектендіріліп қана қоймай, оған мүлдем жаңа тетіктер мен бизнес-процестер енгізіледі. Атап айтсақ, бірінші міндет бойынша, жұмыста отырып оқып, практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік жасалады. Электронды еңбек биржасы базасында нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша онлайн оқытудың жалпыұлттық платформасы іске қосылады", – деді министр.

Оның сөзінше, бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шаралары автоматтандырылады. Қолданысқа ауылдық жерлердегі өндірушілер мен сатып алушыларды байланыстырудың тиімді тетігі қабылданады. 

"Үшінші міндет нысаналы топтарды атаулы түрде қолдауға негізделеді. Бұл орайда олардың қажеттілігіне қарай жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жекелеген жобаларды іске асырамыз. Жұмыспен қамту саласындағы қызметтерді электронды форматқа ауыстыру бойынша кешенді шаралар қабылдаймыз. Бұл бағытта ең алдымен еңбек нарығының инфрақұрылымы дамытылып, мобильді және цифрлы жұмыспен қамту орталықтары ашылады. Сондай-ақ жұмыспен қамту қызметі онлайн және проактивті түрде, яғни өтініш берусіз ұсынылады", – деп түсіндірді Серік Шәпкенов

Министрдің мәлімдеуінше, ұлттық жоба аясында қабылданатын шаралар 2025 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 4,7% дейін төмендетуге ықпал етеді. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу