Еңбек заңнамасын сақтамаған компанияларға 60 млн теңге айыппұл салынды

578

Олардың көбі шетелдіктерді жұмысқа шақыру тәртібін бұзған.

Еңбек заңнамасын сақтамаған компанияларға 60 млн теңге айыппұл салынды Фото: turkystan.kz

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Облыс прокурорлары мемлекеттік еңбек инспекторларымен бірлесіп, 30 адамнан көп шетелдік жұмыс күшін тартатын 64 кәсіпорынға тексеру жүргізген. Нәтижесінде 1150 бұзушылық анықталды, оның ішінде: 179 – еңбекақы төлеудегі теңсіздік; 399 – шетелдіктердің рұқсатта көзделмеген жұмыстарды орындауы; 210 – талаптарды сақтамау бар. 205 шетелдіктің білімі олар атқаратын лауазымдарға сәйкес келмеген. Ал 157 кәсіпорында шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат болмаған", – деді Т. Оспанқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Аталған бұзушылықтарды жою үшін 66 ұсыныс енгізілген, 263 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды, 64,3 млн теңгеге айыппұл салынды, әкімдіктер 390 рұқсатты қайтарып алды.

"Еңбек заңнамасын сақтау мәселелері комитеттің ерекше бақылауында. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 023 тексеру жүргізіп, 6 825 бұзушылықты анықтады, оның ішінде: еңбек саласында – 4 573; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 2 103; халықты жұмыспен қамту бойынша – 149 бұзушылық бар. Жұмыс берушілерге 2 мыңнан астам ұйғарым берілді және 318 млн теңгеге 1 400-ден астам әкімшілік айыппұл салынды", – деді Т. Оспанқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу