Еңбек заңнамасына "жас қызметкер" ұғымын енгізу қарастырылады

772

Мемлекеттік және жеке дерекқорларды интеграциялау және олардан алынған ақпаратты талдау арқылы әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамтуға мұқтаж азаматтарды "Ерте анықтау жүйесін" енгізу жоспарлануда, деп хабарлады Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі. 

Еңбек заңнамасына "жас қызметкер" ұғымын енгізу қарастырылады

Жастарды жұмысқа тарту және ынталандыру үшін еңбек заңнамасына "жас қызметкер" ұғымын енгізу, олар үшін сынақ мерзімін алып тастау, басқа өңірлерден жұмысқа келген жастар үшін тұрғын үй жалдауға көтерме жәрдемақы енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады. 

Көпбалалы отбасылар (76,8 мың) және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар (7 мың) үшін барлық өңірлерде қолданыстағы үлгідегі әйелдерді қолдау орталықтарын құру жоспарлануда. Бұл орталықтарда жыл сайын 20 мыңға жуық әйелге кешенді қолдау көрсетілетін болады. 

Жоғарыда көрсетілген шаралар нақты қажеттіліктер бойынша әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды анықтауға, жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, балалы отбасыларға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу