banner

Енді 35 жасқа толмағандар да жастар санатына жатқызылады

1328

Жастардың жасы 14 жастан 35 жасқа дейін бекіту ұсынылады (қолданыстағы заңнамада – 14-29 жас). Нәтижесінде бұрынғыдан екі есе көп – 6,2 млн адам (ел халқының үштен бір бөлігі) жастар санатына жатады. 

Енді 35 жасқа толмағандар да жастар санатына жатқызылады

 Олар жастарды қолдау бағдарламаларына тартылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мәжілісте қаралған заң жобасында жазылған. Заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда қарап, мақұлдады.

Заң жобасының мақсаты мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыру болып табылады. Заң жобасында "халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске, сондай-ақ "мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

NEET санатындағы жастармен жұмыс бойынша мемлекеттік органдардың жауапкершілігі нақты бекітілетін болады:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - жұмыссыз жастармен;

Білім министрлігі - біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлігінде;

Ішкі істер министрлігі - девиантты мінез-құлықты жастармен және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі - жастар ресурстық орталықтары, салааралық үйлестіру және ақпараттық сүйемелдеу арқылы жастармен жұмыс істейді.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу