Енді Әділетхан Молдахан 3 емес, 5 жылға сотталуы мүмкін

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Енді Әділетхан Молдахан 3 емес, 5 жылға сотталуы мүмкін Фото: Әлеуметтік желіден

Оның сөзінше заңгер әрі блогердің ісі күн өткен сайын ушығып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кеше ғана "Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 3 жылға сотталуы мүмкін" деген тақырыпта материал жариялаған еді. 

Онда мемлекеттік айыптаушының Әділетхан Молдаханның бас бостандығын 3 жылға айыруды сұрағаны жазылған-ды. Одан бөлек, журналист Руслан Өтепбай осы іске қылмысты ауырлататын мән-жайлар бойынша тағы бір бап қосылып жатқанын мәлім еткен еді. Бүгін ол алынып тасталып, басқа бап қосылғаны белгілі болып отыр.

– Әділетханның жағдайы ушығып жатыр. Бүгін үкім шыққан жоқ, керісінше қылмыстық іс 274-баптың 3-бөлігіне ауысты. Бұл прокурор енді 3 жыл емес, 5 жыл сұрауы мүмкін деген сөз, – деді журналист. 

Келесі сот отырысы 9 шілдеге белгіленген. 

Бұған дейін заңгердің барлық шығыны 35 миллион теңгеге жетуі ықтимал екенін жаздық. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу