Енді алтын құймаларды "Казкоммерцбанк" АҚ арқылы да сатып алуға болады

724

Енді алтын құймаларды "Казкоммерцбанк" АҚ арқылы да сатып алуға болады

"Казкоммерцбанк" АҚ халық үшін тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату мен сатып алу бағдарламасына қосылды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату мен сатып алу бағдарламасын іске асырған алты ай ішінде (2017 жылғы 31 мамыр – 1 желтоқсан аралығында) халыққа жалпы салмағы 51 640 грамм 1 485 алтын құйма сатылды. Алтын құймаларды Қазақстан теңге сарайы дайындап, олар төрт түрде ұсынылған: 10, 20, 50 және 100 грамм. Мәселен, 10 грамдық құймалар күрең қызыл түсті, 20 грамдық құймалар жасыл түсті, 50 грамдықтар көгілдір түсті және 100 грамдық құймалар алтын түсті орауда ұсынылған. 

Бұл ретте ең үлкен сұраныс 10 грамдық құймаларға тиесілі. Оның 684 данасы сатылды, яғни сатылған құймалардың жалпы санының 46% құрайды. Одан кейін 20 грамдық құймалар – 320 дана (22%), 100 грамдық құймалар – 287 дана (19%), 50 грамдық құймалар – 194 дана (13%).

Өңірлер бойынша сату көшбасшысы Алматы қаласы болып табылады – оған сатылған құймалардың жалпы санынан 56% тиесілі, Астана қаласына сатудың 20%-ы, Өскеменге – 7%, Қарағандыға – 5%, Павлодар мен Атырауға – 3%, қалған 6% қалған өңірлерде сатылды.

Халық үшін тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату мен сатып алу бағдарламасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп 2017 жылғы 31 мамырда бастағанын еске саламыз. Осылайша, алтын құймаларды Қазақстан Халық банкінен, Еуразиялық банктен, Цеснабанктен және Казкоммерцбанктен сатып алуға болады 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу