Енді Астанадан Жезқазғанға күн сайын қатынауға болады

2023 жылдың қаңтарынан бастап осындай мүмкіндік қарастырылады.  

Енді Астанадан Жезқазғанға күн сайын қатынауға болады Фото: inform.kz

Бұл туралы еліміздегі жолаушы тасымалдайтын әуе компаниялардың бірі хабарлады.

"QAZAQ AIR авиатасымалдаушысы 2023 жылдың қаңтарынан бастап Астанадан Жезқазғанға күн сайын заманауи авиалайнерлерімен ұшатын болады. Бір бағытқа ұшу құны 15 624 теңгеден басталады. Билеттерді әуекомпанияның сайтынан немесе сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу