Енді автосалоннан сатып алынған көлікті онлайн тіркеуге болады

959

Қазір мамандандырылған ХҚКО-да ТЖ кезінде электрондық үкімет порталы арқылы ресімделген дайын құжаттар мен нөмір белгілерін беру терезелері ғана жұмыс істеп тұр.

Енді автосалоннан сатып алынған көлікті онлайн тіркеуге болады

Қазақстандықтар автосалоннан сатып алған көліктерін Электрондық үкіметтің порталы арқылы онлайн тіркей алады, деп хабарлады ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Автомобиль сатып алу жөнінде келісім жасалғаннан кейін автосалон өкілі VIN-кодты, сондай-ақ клиенттің ЖСН-ы көрсетілген қажетті құжаттарын бекітіп, eGov порталы арқылы автокөлік құралын тіркеуге өтінім береді. Бұл өтінім сатып алушының жеке кабинетіне келіп түседі.

Сатып алушы eGov порталындағы жеке кабинетіне кіріп, өтініммен танысады. Автомобильге арналған мемлекеттік нөмірлік белгіні таңдай отырып, мемлекеттік баж салығын және тіркеу алымын төлейді және өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойып, өтінімді растайды.

Сатып алушы дайын техникалық құжат пен нөмірлік белгіні тиісті хабарлама келген соң, бірнеше сағаттан кейін мамандандырылған ХҚКО-дан өз бетінше ала алады. Бұдан басқа, алдын ала ресімделген сенімхат бойынша құжаттарды және мемлекеттік нөмірді үйге жеткізу қызметін пайдалануына болады.

Қазір, мамандандырылған ХҚКО-да ТЖ кезінде электрондық үкімет порталы арқылы ресімделген дайын құжаттар мен нөмір белгілерін беру терезелері ғана жұмыс істейтінін айтып өткен жөн.

Онлайн тіркеу қазіргі уақытта Қазақстан аумағында  жасалған, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автомобильдер үшін мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу