Енді азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін өздері таңдай алады

171

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Енді азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін өздері таңдай алады Фото: kolesa.kz

Халық үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген кез келген қажетті цифрлық және әріптік белгілермен МТНБ-ны еркін таңдауды көздейтін нормалар әзірленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"5 қаңтардан бастап азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы таңдай алады. Бұл ретте, кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде болады (жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны қоспағанда)", – деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу