Енді босаған шөлмектерді қоқысқа лақтырмаймыз

956

Енді босаған шөлмектерді қоқысқа лақтырмаймыз

Бүгін ел үкіметі Қазақстанда шыны бөтелкелерді жаппай тапсыру қайта жанданғанын халыққа кең жариялады, деп хабарлайды abctv.kz.
Бұл іске енді мемлекет екі жылдай бұрын құрған "ӨКМ операторы" ("өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі" операторы) ұйымы жауап беретін болады. Бұл компания қазір көнерген көліктерді қазақстандықтардан сатып алумен айналысуы арқылы елге белгілі.
Оның хабарлауынша, Қазақстанда шыны ыдыстарын қайтадан өткізу және қайта пайдалану нарығын дамыту мақсатында пилоттық жоба былтыр қолға алынған. Осы арқылы бұл науқанның қаншалықты келешегі барлығы сараланған. Алдын ала  қорытындысы қуантып отыр. 2016 жылдың соңы мен 2017 жылдың қаңтары аралығында, яғни аз уақыт қана жүрген бірінші кезең аясында 5 миллион шыны бөтелке жиналыпты. Одан кейінгі екінші кезеңдегі бір жарым айда, яғни 2017 жылғы 15 шілде мен 20 тамыз аралығында халықтан 1 миллион 754 мың 126 шыны бөтелке қабылданыпты. Яғни, мұның тиімділік әкелуі байқалуда.  
"Қазір қабылдау бекеттерінде бір шыны бөтелкені 8-ден 15 теңгеге дейін өткізуге болады. Қала шетінде тұратындар үшін бөтелке қабылдаушы компаниялар арнайы жылжымалы бекеттер қызметін іске қосқан. Жиналған шыны ыдыстар алкогольді және алкогольді емес сусындар шығаратын өндірушіге жеткізіліп, бөтелкелер қайта пайдаланылады", – деп мәлімдейді ӨКМ операторы.

Аталған пилоттық жоба Қазақстандағы қайта пайдалануға келетін шыны нарығын дамыту мақсатында кеңінен енгізілгелі отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу